Алматыда бірнеше жігіт орта жастағы ер адамды топ болып соққыға жығып, мерт қылды. Қайғылы оқиға туралы марқұмның ұлы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, әкесіне үш адам жабылып, аяусыз тепкілеген. Олар есінен танып құлаған адамды баспен тепкілеп, соның салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған.
«Мен үш күннен бері ұйқы көрмедім. Себебі әкемнің есінен танып құлағанын, оны қоқыстай сүйреп бара жатқан сәтін видеодан көрдім. Бұл – нағыз қатыгездік. Әкемді небәрі жарты сағаттың ішінде өлтіріп кетті», – деп жазды марқұмның ұлы.
Полиция департаменті бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі таңда күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Фото: Әлеуметтік желіден

