Categories Саясат

Әзірбайжанда Ресей азаматтарының тағы бір тобы ұсталды

1 шілде күні Баку қаласында сегіз ресейлік азамат ұсталып, сот шешімімен төрт айға қамауға алынды, деп хабарлайды ZhaiyqMedia.kz APA агенттігіне сілтеме жасап.

Азербайжан билігі оларды «ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері» деп танып, Иран арқылы есірткі тасымалы, тыйым салынған заттарды интернет арқылы тарату және кибералаяқтық жасады деп күдіктеніп отыр.

Сот залында түсірілген суреттерде ұсталғандардың кейбірінің бет-жүзінде соққы іздері байқалады: біреуінің бетінде қан іздері бар, ал қалғандарында көгерген және жарақаттанған жерлер анық көрінеді.

Тұтқындалғандар арасында кәсіпкерлер мен IT мамандар бар

«Маңызды оқиғалар» басылымының мәліметінше, ұсталғандардың арасында 41 жастағы IT-кәсіпкер Антон Драчев, Санкт-Петербургтен келген 30 жастағы бағдарламашы Дмитрий Безуглый және Череповец қаласынан 23 жастағы Сергей Софронов бар. Сондай-ақ, 38 жастағы Архангельск тумасы Валерий Дулов та тұтқындалған. Ол бұған дейін «Газпромнефть» және «Роснефть» компанияларында жұмыс істеген.

Sputnik-Азербайджан қызметкерлері де қамауға алынды

Осыған дейін Азербайжанда ресейлік «Sputnik-Азербайджан» мемлекеттік агенттігінің екі қызметкері — бас редактор Игорь Картавых пен шеф-редактор Евгений Белоусов — заңсыз кәсіпкерлік, алаяқтық және кірістерді заңдастыру баптары бойынша ұсталып, төрт айға қамауға алынған болатын. Тағы бес адамға қылмыстық іс қозғалды. Азербайжандық БАҚ оларды ФСБ агенттері деп атаған. Ал «Sputnik-Азербайджан» бұл айыптауларды «абсурд» деп атады.

Ресей мен Азербайжан арасындағы қатынас шиеленісе түсті

27 маусымда Ресейдің Екатеринбург қаласында Азербайжан диаспорасының 50-ге жуық өкілі жаппай ұсталып, олардан 2001–2011 жылдар аралығында жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Екі басты күдікті — Гусейн және Зияддин Сафаровтар — тергеу кезінде қаза тапқан. Ресейдің Тергеу комитетінің мәліметінше, біреуі жүрек талмасынан көз жұмған, екіншісінің өліміне қатысты сараптама жүргізіліп жатыр.

Осы оқиғалардан кейін Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Ресей елшісі Петр Волоковты шақырып, наразылық нотасын тапсырды. Сондай-ақ, ресейлік мемлекеттік және жекеменшік ұйымдардың қатысуымен өтетін барлық мәдени шаралар тоқтатылды.

Екі ел бір-біріне наразылық ноталарын тапсырды

1 шілде күні Ресей СІМ Әзербайжан елшісі Рахман Мустафаевқа ресейлік журналистерді дереу босатуды талап еткен вербалды нота табыс етті. Ресей тарапы Бакудің «ресейлік құқық қорғау органдарының әрекеттерін сынауын» елдің ішкі істеріне араласу деп бағалады.

Ал Әзербайжан жағы Екатеринбургтегі азербайжандықтарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты наразылық нотасын тапсырып, оқиғаны дереу тергеуді және кінәлілерді жазалауды талап етті.

Ұқсас жазбалар

Олжас Бектенов Баку қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер үкіметтері басшыларының кездесуіне қатысты

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Баку қаласына (Әзербайжан) жұмыс сапары аясында Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам…

Дешёвый бензин в Казахстане: преимущество или ущерб экономической эффективности 

В Европе, Японии и Южной Корее бензин стоит значительно дороже. Казахстан вошёл в число стран…

Народ Казахстана активно вовлечен в формирование конституционного будущего своей страны – наблюдатели ОИС

На пресс-конференции в Центре содействия международным наблюдателям директор по делам Азии Генерального секретариата Организации исламского…