Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль мемлекетке опасыздық жасап, бүлік ұйымдастырды деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Сеул орталық аудандық сотының шешімімен Юн Сок Ёль конституциялық тәртіпті бұзды деп танылды. Тергеу деректеріне сәйкес, ол 2024 жылдың желтоқсанында елде заңсыз әскери жағдай енгізіп, осы арқылы саяси қарсыластарын биліктен шеттетпек болған.
«Юн Сок Ёль билікті сақтап қалу үшін конституцияны бұзып, саяси оппоненттерін күшпен басып-жаншуға тырысты», – делінген айыптау қорытындысында.
Прокуратура бұрынғы мемлекет басшысына ең ауыр жаза – өлім жазасын кесуді сұраған еді. Алайда сот оның орнына өмір бойына түрме жазасын тағайындады. Себебі Оңтүстік Кореяда 1997 жылдан бері өлім жазасын орындауға мораторий жарияланған.
Фото: Әлеуметтік желіден

