Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, ықтимал парламенттік реформаның басты бастамашысы билік емес, халық болып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Сенат төрағасы бұл пікірін «Время» газетінде жарияланған мақаласында білдірді. Ол парламенттік реформаның маңыздылығына тоқталып, оның саяси жүйеде түбегейлі өзгерістерге түрткі болатынын атап өтті. Оның ойынша, егер реформа дұрыс жүрсе, Парламент бәсекеге қабілетті саяси пікірталас алаңына айналады.
«Бұл – ешқандай да сыртқы көріністі өзгерту емес, бұл – билік ғимаратының негізгі тіректерінің бірін нығайту, шешім қабылдаудың негізгі тетіктері қоғамға ашық әрі түсінікті болатын ықпалды, ашық және тиімді жүйеге қарай жылжу. Ол атқарушы билікті бақылау механизмдерін, тиімді, бірақ жұмысты тоқтатпайтын тепе-теңдік пен тежемелік жүйесін қамтуы керек», – деп жазды Мәулен Әшімбаев.
Спикер мұндай өзгерістер арқылы қоғамға түсінікті, ашық әрі ықпалды жүйе құру көзделетінін жеткізді.
Фото: Әлеуметтік желіден

