Categories Жайық news

Иран Қатардағы АҚШ-тың әскери базасына шабуыл кезінде 70-тен астам қазақстандық қалып қойды

Иран Қатардағы АҚШ-тың Әл-Удейд әскери базасына зымыран шабуылын жасады. СалдарынанҚатар астанасы Дохада ондаған қазақстандық елге қайта алмай отыр.

Шабуыл салдарынан Қатардың әуе кеңістігі уақытша жабылып, барлық рейс кейінге шегерілді.

Қазіргі уақытта Доха аспанында әуе дабылдары қосылып, әуе шабуылынан қорғану жүйелері белсенді жұмыс істеп тұр. Бұл жағдай Парсы шығанағындағы шиеленістің күрт ушығуына байланысты болып отыр.

Журналист Михаил Козачковтың хабарлауынша, Дохада Астанаға қайтуы тиіс SCAT әуе компаниясының рейсін күтіп отырған 70-тен астам Қазақстан азаматы қалып қойған. Рейс тоқтатылғаннан кейін жолаушылар уақытша Millennium Central Doha қонақүйіне орналастырылған.

Алайда туристердің айтуынша, көрсетілген жағдай көңіл көншітпейді.

«Авиакомпания арзан қонақүйді таңдаған, тек таңғы ас қарастырылған. Арасында кішкентай балалар мен қарт адамдар бар. Кейбірінің жеке тамақ алатын мүмкіндігі жоқ. Ал SCAT алдағы күндері ұшақ жібере ме – ол да белгісіз», – деп жазады Козачков.

Ұқсас жазбалар

Үйдегі тәрбие – мектептегі мінездің айнасы

Соңғы жылдары білім ошақтарында тәртіп мәселесі өткір күйде талқыланып келеді. Оқушының мұғалімге дауыс көтеруі, сыныптастарымен…

Талғарда ер адамды мылтықпен атып өлтірген күдікті ұсталды

Талғарда ер адамды мылтықпен атып өлтірген күдікті ұсталды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз. Талғар ауданында жас жігіт кісі…

БҚО жылыту маусымына дайындықты пысықтап жатыр

Батыс Қазақстан облысында 2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды. Кеңесті облыс әкімі Нариман Төреғалиев…