Categories Саясат

Вице-президент пен Халық кеңесінің қаржысы қайдан табылды? Министр жауап берді

Қазақстанда жаңадан құрылатын Халық кеңесі мен Вице-президент институтын қаржыландыру көзі белгілі болды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, екі құрылым да республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Яғни, қосымша салық немесе басқа да кіріс көздерін іздеудің қажеті жоқ.

«Біз бұл шығындарды бюджеттік жоспарлау аясында қарастырып жатырмыз. Қазірдің өзінде қажетті қаражат көзделген», – деді Байбазаров.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халық кеңесі мен Вице-президент институтын құру туралы бастама көтерген еді. Бұл ұсыныстар конституциялық реформа аясында жүзеге аспақ.

Алдағы уақытта нақты қаржыландыру көлемі мен штат саны белгіленетін болады.

Ұқсас жазбалар

«Әділет» партиясы тіркеуге құжат тапсырды: не күтіп тұр?

«Әділет» партиясы ресми тіркелу үшін құжаттарын тапсырды. Бұл – саяси алаңда жаңа ойыншының пайда болуына…

Сайлау комиссиясына жемқорлықпен сотталғандар жіберілмейді

Мәжіліс сайлау комиссиясына қойылатын талаптарды қатаңдатты: енді жемқорлық үшін сотталғандар комиссия мүшесі бола алмайды.

Бір мезетте әрі депутат, әрі әкім болуға тыйым: сайлау заңына өзгеріс

Қазақстанда бір уақытта мәслихат депутаты және ауыл әкімі болуға тыйым салынады. Бұл – сайлау заңына…