АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Ұлттық ғылым қорын бақылайтын тәуелсіз кеңес мүшелерін қызметінен босатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Трамп атынан жіберілген электронды хатта кеңес мүшелерінің өкілеттігі тоқтатылғаны айтылған. Бұл шешім ғылыми қоғамдастықтың наразылығын тудырды.
«Бізге ешқандай түсініктеме берілмеді. Бұл – ғылымға саясаттың араласуы», – деді бұрынғы кеңес мүшелерінің бірі.
Ұлттық ғылым қоры жыл сайын миллиардтаған доллар грант бөледі, ал кеңес оның жұмысын бақылап отыратын. Таратылған мүшелердің орнына кім келетіні әлі белгісіз.

