Тоқаев: «Digital Qazaqstan» стратегиясы жақында бекітіледі

Президент Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады. Салтанатты жиында Мемлекет басшысы елдің цифрлық дамуына қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаевтың айтуынша, бүгінде әлем технологиялық жарыста алға ұмтылып жатыр. Осыған орай Қазақстан да қарқынды даму үстінде. «Digital Qazaqstan» стратегиясы – осы бағыттағы басты құжаттардың бірі.

«Біздің мақсатымыз – цифрлық трансформацияны жеделдету. Жаңа стратегия жақын арада бекітіледі», – деді Президент.

Марапатталған жастар жасанды интеллект саласындағы жобаларымен көзге түскен. Олардың жұмыстары еліміздің технологиялық дамуына үлес қосады деп күтілуде.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев Alem.ai орталығына барып, 14 өңірдегі мектептерді ашты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барып, 14 өңірдегі Tomorrow School мектептерінің желісін…

Шымкентте 6 мың жас әскери дайындықтан өтіп, білімін шыңдады

Шымкентте 6 мыңнан астам жас әскери-далалық оқу жиынынан өтіп, бес күн бойы әскери дағдыларды меңгерді.

Тоқаев AI байқауларының үздіктерін марапаттады: жеңімпаздар тізімі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласындағы «Alem.ai battle» және «AI Governance Cup» байқауларының жеңімпаздарын марапаттады.