Categories Жайық news

Металл бұйымдардан лофт жиһазына дейін: ауылдағы кәсіпкерліктің дамуы

Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауылында шағын кәсіпкерлікті қолға алған ауыл тұрғындарының қатары жыл санап артып келеді. Халыққа қажетті өнімдерді жергілікті жерде өндіру мүмкіндігі ауыл тұрғындарының табысын арттырып, тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз етуде.

Олардың бірі – металл бұйымдары мен жиһаз өнімдерін дайындайтын Бекнұр Қыдырашев. Кәсіпкер «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген несие алып, бүгінде металл бұйымдарын дайындайтын цех ашты. Енді ол жеке тұтынушыларға, дүкендер мен әлеуметтік нысандарға әртүрлі өнімдер жеткізіп, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде.

Кәсіпкердің айтуынша, халықтың металл бұйымдарға деген сұранысы күн санап артып келеді.

«Ауыл аманаты» жобасының арқасында бұрын үйде дайындаған тапсырыстарымызды енді арнайы цехта шығарамыз. Бұрын ауыл тұрғындары қалаға барып өнім алуға мәжбүр болса, қазір жергілікті жерде қолжетімді бағада қызмет көрсетеміз. Цехта қоқыс жәшіктері, гүлдерге арналған сөрелер, арнайы металл есіктер және лофт стиліндегі жиһаздардың барлық түрін дайындаймыз», – деді Бекнұр Қыдырашев.

Қазіргі уақытта кәсіпкер 3 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, қосымша жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.

«Ауыл аманаты» жобасы облыста ауыл тұрғындарының табысын арттыру және кәсіпкерлікті дамыту жолында табысты жүзеге асырылуда.

2023–2025 жылдары жоба аясында өңірге бөлінген 14,4 млрд теңгенің 11,2 млрд теңгесі игеріліп, 1469 микрокредит берілді. Нәтижесінде, 1904 жаңа жұмыс орны құрылды.

Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасы AMANAT партиясы бастамасымен жүзеге асырылып, ауылдардағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Ұқсас жазбалар

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Туризм және спорт министрі…

Жалаңаш фото жіберген: Қазақстанда бала саудагерлеріне қатысты сот үкімі шықты

Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары кәмелетке толмаған балаларды сатып, олардың суреттерін шетелдіктерге жібергені үшін сотталды.

Трамп күтпеген мәлімдеме жасады: АҚШ пен Иран уақытша бітімге келді

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен екі аптаға атысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді. Келіссөздер Пәкістанда…