Categories Жайық news

БҚО-да жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрады

Облыс әкімінің уақытша міндетін атқарушы Тілепберген Каюповтың төрағалығымен өткен кеңесте жұмыспен қамтудың белсенді шараларының І тоқсандағы орындалу барысы талқыланды.

Биыл облыста 59 жобаны жүзеге асыру арқылы 20 176 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланды. Оның ішінде өңірлік жұмыспен қамту картасына сәйкес, Ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар шеңберінде жүзеге асырылатын 55 жоба аясында 487 жаңа жұмыс орындарын құру көзделуде, оның 91-і тұрақты болса, 396-сы уақытша.

Өңірдегі экономикалық тұрғыда белсенді халық саны 357 116 адамды құраса, оның 340 153-і жұмыспен қамтылған. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,7% деңгейінде тұрса, әйелдер арасында бұл көрсеткіш 4,8%, ал жастар арасында 3,6%-ды құрайды. 16 608 адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелген.

Биыл 20250 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланса, үш айдың қорытындысы бойынша меже 22,2%-ға орындалды. Бүгінгі таңда 1326 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 546 адам онлайн оқытуға және 1809 адам бос жұмыс орындарына орналасты.

Жиында Бөрлі, Теректі, Тасқала аудандарының басшылары атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. Тілепберген Каюпов көрсеткіштері төмен аудандарда тиісті шараларды күшейтуді, мемлекеттік бағдарламаларды кеңірек насихаттауды және электронды еңбек биржасы порталына деректерді толық енгізуді тапсырды. Ол жауапты құрылымдарға жобаларды жүйелі жүзеге асыру бойынша нақты міндеттер жүктеді.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

БҚО-да 11,7 мың гектар алқапта су үнемдеу технологиялары қолданылды  

Облыс әкімдігінде Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясының басшысы Ғалидолла Азидуллинның төрағалығымен бассейндік кеңестің кезекті отырысы өтті.…

БҚО-да газбен қамту көрсеткіші 99,8 пайызға жетті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде көмір энергетикасын дамыту және көмір…

Трамп Иранға тағы да сес көрсетті: «Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты тағы да қатаң мәлімдеме жасады. Ол "бүгін түнде тұтас…