Categories Жайық news

Иран АҚШ-тың ұсынысына жауап берді: Тегеран соғысты тоқтатудың 10 шартын жариялады

Тегеран екі аптаға созылған жоғары деңгейдегі кеңестерден кейін АҚШ-тың соғысты тоқтату туралы ұсынысына ресми жауап қайтарды. Иран өз талаптарын Пәкістан арқылы жеткізіп, уақытша бітімнен бас тартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

IRNA агенттігінің мәліметінше, Иран ұсынған құжат 10 тармақтан тұрады. Онда Тегеран тек нақты шарттар орындалғанда ғана қақтығысты толық әрі түбегейлі тоқтатуға келісетінін айқын көрсеткен.

Негізгі талаптардың қатарында аймақтағы барлық әскери қимылды тоқтату, Ормуз бұғазында кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бекіту, соғыстан кейінгі қалпына келтіру мәселелері және Иранға салынған барлық санкцияны толығымен алып тастау бар.

Бұл құжат Иранның батыс және орталық аумақтарындағы соңғы оқиғалардан кейін жолданғаны белгілі болып отыр. Иран тарапы АҚШ-тың десанттық операциясы сәтсіздікке ұшырағанын мәлімдеп, осылайша қақтығыста өзінің стратегиялық басымдығын дәлелдегенін алға тартты.

Осы оқиғалар аясында АҚШ президенті Дональд Трамптың да ұстанымында өзгеріс байқалады. Ол ультиматум мерзімін ұзартқанымен, Тегеранға бағытталған бұрынғы қатаң мәлімдемелері мен қоқан-лоққыларын айтарлықтай жұмсартқан.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Арқалықта қыздың өліміне қатысты тергеу басталды: полиция мәлімдеді

Арқалықта қайтыс болған қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Косметологиялық клиникадағы өлім: министрлік тексеріс бастады

Әйел адам косметологиялық клиникада қайтыс болған оқиғаға байланысты Денсаулық сақтау министрлігі тексеріс бастады.

Бастапқы әскери дайындық пәні педагогтеріне арналған әдістемелік жиын ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 20-21 мамыр күндері бастапқы әскери…