Categories Жайық news

Ақтауда екі айлық сәби шетінеді: Тұрмысы нашар отбасы полиция назарында болған

Ақтауда тұрмысы нашар отбасында екі айлық нәресте көз жұмды. Полиция мәліметінше, бұл отбасы бұрыннан құзырлы органдардың бақылауында болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 4 сәуір күні таңғы сағат 11:00 шамасында тіркелген. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы сәбидің денесін тексерген кезде зорлық-зомбылық белгілерін анықтамады. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды.

Белгілі болғандай, бұл отбасы жүйелі түрде бақылауға алынған. Өткен жылдың қараша айында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Ал сәбидің әкесіне қатысты бірнеше рет шара қолданылған: ол тыныштықты бұзғаны үшін (ӘҚБтК-нің 437-бабы) төрт рет жауапқа тартылған.

Сондай-ақ оған қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, оны бұзғаны үшін (ӘҚБтК-нің 461-бабы) 10 тәулікке қамауға алынған. Ер адам профилактикалық есепте тұрған, оған әкімшілік қадағалау орнату үшін ісі екі рет сотқа жолданған.

Осы жылдың 27 наурызында учаскелік инспектор қосымша шаралар қабылдау үшін қала әкімдігіне ұсыным жолдаған. Іс бойынша соңғы шешім тексеру нәтижелеріне сәйкес қабылданады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Зеленский мен Ердоған жаңа келісімге келді: Екі ел қауіпсіздік саласында күш біріктіреді

Ыстанбұлда өткен кездесуде Украина мен Түркия президенттері қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастауға уағдаласты.

ШАҺАРДА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ШАҺАРДА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ   Оралда санитарлық-экологиялық айлық аясында ағаш көшеттері отырғызылды. Тәжік-ауған шекарасында ерлікпен…

Мұнай бағасы 18 жылдағы рекордты жаңартты: сарапшылар не дейді?

Әлемдік нарықта мұнай бағасы 2008 жылғы дағдарыстан бергі ең жоғары деңгейге жетті. Сарапшылар бағаның 2026…