Categories Жайық news

Алматыдағы 236 мың студент: Сарапшы қаланың шамасы жетпейтінін ескертті

2025 жылы Қазақстандағы шетелдік студенттердің саны 35 мыңнан асып, рекордтық деңгейге жетті. Бұл – былтырғы жылмен салыстырғанда 11%-ға көп. Олардың 18 мыңнан астамы Алматы қаласын таңдаған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Qazaq Expert Club сарапшысы Жанар Жақанованың айтуынша, шетелдік жастардың Алматыны таңдауының бірнеше себебі бар.

«Біріншіден, мұнда еліміздің ең үздік университеттері шоғырланған. Екіншіден, қаланың инфрақұрылымы жақсы дамыған әрі мәдени өмірі тартымды. Шетелдіктер негізінен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (4 497 студент), Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (2 687 студент), сондай-ақ Сәтбаев университеті (1 759 студент) сияқты іргелі оқу орындарын таңдайды», – дейді сарапшы.

Университет таңдауда баға мен сапаның үйлесімділігі, мамандықтардың сұранысқа ие болуы және ағылшын тіліндегі бағдарламалардың көбеюі негізгі рөл ойнайды. Қазақстанда 88 елден келген студенттер білім алады. Олардың басым бөлігі – Үндістан (10 000-ға жуық), Түрікменстан (9 000-нан астам), Өзбекстан (4 000-нан астам), Қытай (3 000-нан астам) және Ресейден (2 500-ге жуық) келгендер.

Алайда, мұның екінші жағы да бар. Бүгінде Алматыда жергілікті және шетелдік студенттерді қосқанда жалпы саны 236 мыңнан астам жас білім алып жатыр. Бұл мегаполис үшін үлкен салмақ.

«Бір қалада осыншама студенттің шоғырлануы оның инфрақұрылымына орасан зор жүктеме артады. Бұл – Орталық Азиядағы жан басына шаққандағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Негізгі мәселелер: тұрғын үй нарығына, әсіресе жалдамалы пәтерлерге сұраныс артады, көлік жүйесі мен белгілі бір аудандар шамадан тыс жүктеледі, көші-қон, медициналық және мемлекеттік қызметтерде кезек көбейеді», – деп ескертеді Жанар Жақанова.

Сарапшы бұл мәселені шешудің жолдары бар екенін айтады. Мысалы, Ұлыбритания мен Германияда ірі университеттердің көпшілігі аймақтық орталықтарда орналасқан. Қазақстанда да сәтті мысалдар бар. Қаскелеңде ашылған New York Film Academy Kazakhstan (NYFA) мен Алматы әуежайы маңындағы Азаматтық авиация академиясы өңірлік кампустардың тартымды бола алатынын көрсетті.

Мәселені мемлекеттік деңгейде шешу үшін мынадай шаралар ұсынылады:
• Өңірлерде, әсіресе индустриялық қалаларда ірі университеттердің филиалдары мен кампустарын ашу;
• Қашықтан және гибридті оқыту форматтарын дамыту;
• Мегаполистен тыс жерде жаңа оқу орындарын ашатын университеттерге мемлекеттік гранттар мен салықтық жеңілдіктер ұсыну;
• Аймақтарда студенттерге арналған заманауи жатақханалар мен қалашықтар салу.

«Алматы – Қазақстан мен Орталық Азияның басты білім орталығы. Бірақ өңірлерде мықты кампустар құру экономикаға серпін беріп, студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашып, мегаполиске түсетін салмақты азайтады», – деп қорытындылады сарапшы.

Ұқсас жазбалар

Құрылтай, вице-президент: Аймағамбетов жаңа реформалардың астарында не жатқанын түсіндірді

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Парламентті Құрылтайға біріктіру, вице-президент институтын енгізу сияқты реформалардың мақсатын түсіндірді.

Judge signing documents at desk with focus on gavel, representing law and justice.

ArtSport ісі: Кәсіпкер мүгедек балаларды «оқытып», 1,4 млн теңге алған

Көкшетауда ArtSport бағдарламасы арқылы 1,4 млн теңге жымқырған кәсіпкерге сот үкімі шықты. Ол сабақ өткізбей,…

Damaged car after an accident on a dirt road in Welwyn Garden City, UK.

Жаңаөзендегі қайғылы оқиға: Өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан 10 жасар бала мерт болды

Жаңаөзенде өрт сөндіру көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды. Он адам ауруханаға…