БҚО-да газдандыру деңгейі 99,8%-ға жетті

Сурет: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын дамыту қарқынды жүргізілуде. Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің мәліметінше, 2023 жылдан бері 28 ауыл газдандырылып, 3,7 мың тұрғын алғаш рет көгілдір отынның игілігін көрді. Сонымен қатар, 60 әлеуметтік нысан газға қосылды. Қазіргі таңда облыстың газбен қамтылуы 99,8%-ға жеткен. 2023–2025 жылдары осы бағытқа жалпы 76 млрд теңге қарастырылған.

Тұрғын үй құрылысы саласында да айтарлықтай жетістіктер бар. Соңғы үш жылда 44 млрд теңгеге 319 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 3 698 пәтер халық игілігіне берілді. Биыл 19,2 млрд теңгеге 7 көпқабатты үй және ауылдық жерлерде 14 тұрғын үй салынуда, барлығы 1 292 пәтерді құрайды. Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға жыл соңына дейін 579 пәтер сатып алу жоспарланған.

«2023–2025 жылдары облыс бойынша 5 431 отбасы жаңа тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде 1 733 пәтер ауылдық елді мекендерде пайдалануға берілді. Мұндай қадамдар өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді», — деді Н.Төреғалиев.

Облыс басшысы атап өткендей, газдандыру мен тұрғын үй құрылысы саласындағы осындай ірі жобалар өңірдегі өмір сапасын жақсартып, қала мен ауыл арасындағы әлеуметтік теңдікті арттыруға бағытталған маңызды шара болып отыр.

Ұқсас жазбалар

Сегодня в Казахстане отмечают День армейской авиации

Фото:gov.kz Сегодня, 29 декабря 2025 года, в Казахстане празднуется День армейской авиации. Профессиональный праздник ведёт…

Бүгін Қазақстанда Әскери авиация күні аталып өтуде

Сурет:gov.kz Бүгін, 29 желтоқсан 2025 жыл, Қазақстанда Әскери авиация күні мерекеленіп жатыр. Кәсіби мереке 1992…

БҚО-да спорт саласының үздіктері анықталды

Сурет:БҚО Әкімдігі Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жалын – 2025» атауымен үздік…