Бұрынғы әкім хатшысы һәм Amanat-тың экс-қызметкері Арай Есенбек 10 миллион теңге бопсалағаны үшін ұсталды

Шымкентте танымал журналист әрі блогер, бұрынғы мемлекеттік қызметкер Арай Есенбекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол шенеуніктен 10 миллион теңге бопсалады деген күдікпен ұсталған.

Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті шенеуніктен ірі көлемде ақша талап етіп, әйтпесе белгілі бір «компроматтық» материалды жариялаймын деп қорқытқан. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы («Бопсалау») бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл бап 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Арай Есенбек — Шымкенттегі медиа саласында танымал тұлға. Ол журналистік жолын «Хабар» агенттігінде бастаған, кейін «Оңтүстік» (бұрынғы «Қазақстан-Шымкент»), «31 арна» және «Азаттық рухы» сияқты республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет еткен. Өзінің өткір репортаждары мен батыл көзқарастарымен көпшіліктің есінде қалды.

Мемлекеттік қызметке дейін ол Шымкент қаласының Ақпараттық коммуникациялық орталығын басқарған. 2020 жылы қала әкімі аппаратының баспасөз хатшысы болып тағайындалған. Ал 2024 жылдың сәуір айына дейін «Amanat» партиясының Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық филиалының атқарушы хатшысы қызметін атқарған.

Журналистиканың бел ортасынан шыққан Арай Есенбекке қатысты тергеу жалғасуда. Іс бойынша өзге ақпараттар тергеу мүддесіне байланысты жария етілмеген.

Бердалы Ораз | Жайық тілшісі | сурет:adym.kz

Ұқсас жазбалар

Премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында өңірдің өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылымының дамуын,…

Оралда Қазақстан мен Ресей форумына дайындық басталды

Премьер-министрдің жұмыс сапары барысында үкімет басшысы Орал қаласында 11–12 қарашада өтетін Қазақстан мен Ресейдің XXI…

Болашақ шағынауданында жол құрылысы қарқын алды

Түркістан облысындағы Болашақ шағынауданында жол салу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қазіргі таңда мұнда 7 көшеге…