БҚО әкімі Нариман Төреғалиев шекарашыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Шекара қызметі күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысып, еліміздің аумақтық тұтастығын күзетіп жүрген шекарашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
— «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдің аумақтық тұтастығы мен шекаралық қауіпсіздікке ерекше көңіл бөледі. Себебі, шекара – мемлекеттің айнасы, оның тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің кепілі. Біздің батыл шекарашыларымыз осы жауапты міндетті абыроймен атқарып келеді», – деді Нариман Төреғалиев.
Өңір басшысы қызмет барысында үздік нәтиже көрсеткен сарбаздар мен қызметкерлерге алғыс хаттар мен марапаттар табыс етті.
Бүгінде облыс аумағында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бірнеше әскери бөлімдері орналасқан. Олар мемлекетіміздің батыс қақпасында қырағылықпен қызмет атқарып, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр.

Ұқсас жазбалар

Сегодня в Казахстане отмечают День армейской авиации

Фото:gov.kz Сегодня, 29 декабря 2025 года, в Казахстане празднуется День армейской авиации. Профессиональный праздник ведёт…

Бүгін Қазақстанда Әскери авиация күні аталып өтуде

Сурет:gov.kz Бүгін, 29 желтоқсан 2025 жыл, Қазақстанда Әскери авиация күні мерекеленіп жатыр. Кәсіби мереке 1992…

БҚО-да спорт саласының үздіктері анықталды

Сурет:БҚО Әкімдігі Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жалын – 2025» атауымен үздік…