Categories Спорт

Франция мен Марокко әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Сурет: Stefan Koops

Әлем чемпионатының ширек финалына шыққан алғашқы жұп белгілі болды. 1/8 финалдық кездесулердің нәтижесінде Франция мен Марокко құрамалары келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Франция құрамасы Парагвайды 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды екінші таймда пенальтиден Килиан Мбаппе соқты.

Марокко құрамасы Канаданы 3:0 есебімен сенімді түрде ұтып, ширек финалға жолдама алды.

Осылайша, ширек финалда Франция мен Марокко өзара кездеседі. Матч 10 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де өтеді.

Айта кетейік, әлем чемпионатының 1/8 финалдық ойындары жалғасуда. 5 шілдеден 6 шілдеге қараған түні Бразилия Норвегиямен, ал Мексика Англиямен кездеседі.

Ұқсас жазбалар

Әлем чемпионаты: Винисиус пен Холанд бір алаңда бақ сынаса, Мексика мен Англия мықтыны анықтайды

Бүгін түні футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Бразилия, Норвегия, Мексика және Англия құрамалары күш сынасады.

Франция құрамасы Парагвайды жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Франция құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Парагвайды 1:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге…

Александр Бублик пен Анна Данилина «Уимблдонда» 1/8 финалға шықты

Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Анна Данилина «Уимблдон-2026» турнирінде 1/8 финалға жолдама алды.