Сурет: ortcom.kz (архив)
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға 3 миллион шетелдік турист келген. Олардың көпшілігі көршілес мемлекеттерден сапар шеккен. Ал шетелге демалысқа шыққан қазақстандықтардың саны 2,47 миллион адамды құраған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
1 сәуірдегі дерек бойынша, елімізде қонақүйлер, демалыс базалары және басқа да орналастыру орындарын қоса алғанда, 4 505 нысан жұмыс істеп тұр. Бір жыл ішінде олардың саны 192-ге өскен.
2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында орналастыру орындарында 2 миллион қонақ болған. Оның ішінде 802 мыңнан астам адам Қазақстанның курорттық аймақтарын таңдаған. Ең танымал бағыттар: Алматы тау кластері – 509,3 мың адам, Щучинск-Бурабай курорттық аймағы – 116,7 мың адам, Маңғыстау курорттық аймағы – 53,3 мың адам, Түркістан туристік аймағы – 39,4 мың адам, Алтай курорттық аймағы – 30,3 мың адам.
Қазақстанда туризм саласында 600 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл саланың ел экономикасына қосқан үлесі 5 трлн теңгеге жеткен.

