Сурет: Egemen Qazaqstan
Әлем чемпионатының үшінші турында Бельгия құрамасы Жаңа Зеландияны 5:1 есебімен ойсырата жеңіп, G тобында бірінші орынға ие болды. Осы нәтижемен бельгиялықтар турнирдің 1/16 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесудің есебін 28-минутта Леандро Троссард ашты. Ол екінші таймның басында тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды. Кейін Кевин Де Брюйне, Ромелу Лукаку және Алексис Салемакерс мергендер қатарын толықтырды.
Жаңа Зеландия сапынан жалғыз голды Элайджа Джаст соқты.
Үш тур қорытындысы бойынша Бельгия бес ұпай жинады. Иранның да еншісінде бес ұпай болғанымен, бельгиялықтар доп айырмасы бойынша қарсыласынан басым түсіп, топ жеңімпазы атанды. Мысыр төрт ұпаймен келесі кезеңге өтті. Ал бір ғана ұпай жинаған Жаңа Зеландия әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады.

