КАЗТАЛОВТАҒЫ ІРІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ  

Облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкай Казталов ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімінің орынбасары Айдар Менеевпен және облыстық салалық басқарма басшыларымен бірге аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандар және жол инфрақұрылымымен танысты.

Алдымен Мирас Рүстемұлы аудандық маңызы бар «Беспішен – Қошанкөл – Қараоба» бағытындағы автокөлік жолының 15–49 шақырым аралығында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Аталған жоба аудан тұрғындарының көлік қатынасын жеңілдетіп, жол сапасын жақсартуға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық бастама. Жөндеу жұмыстарының мердігері – «Uniserv» ЖШС. Қазіргі таңда бұл учаскеде жол төсемін нығайту, тегістеу және асфальттау жұмыстары жүргізілуде.

Сапар аясында облыс әкімінің орынбасары Қоныс ауылындағы 60 орындық жаңа мектептің құрылыс барысын да бақылады. Ауыл балаларының сапалы білім алуына жағдай жасау мақсатында салынып жатқан мектептің мердігері «Smartech» ЖШС-не құрылыс жұмыстарының мерзімі мен сапасына ерекше мән беру тапсырылды. Мирас Рүстемұлы мектепте қауіпсіздік және санитарлық талаптардың қатаң сақталуын қадағалау қажеттігін баса айтты.

Сондай-ақ Мирас Рүстемұлы Жалпақтал ауылындағы ауылішілік жолдарды қайта жаңарту жұмыстарының барысын да бақылады. Аталған жұмыстарды «Жайық Сити» ЖШС жүзеге асыруда. Ауылішілік жолдардың жақсаруы тұрғындар өміріне оң әсер етіп, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырмақ. Қазіргі уақытта жолдарды нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімінің орынбасары барлық мердігер мекемелерге және салалық басқармаларға атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен уақтылы аяқталуына ерекше жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеріп, әр жобаға жүйелі бақылау орнату қажеттігін атап өтті.

— Мемлекет тарапынан бөлінген қаржы тиімді әрі мақсатты игерілуі тиіс. Әрбір жобаның сапасы – тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан әр жұмыс кезеңінде нақты бақылау болу керек, – деді Мирас Рүстемұлы.

Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ұқсас жазбалар

Түркістан облысында әкесін қорлады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды

Түркістан облысында әкесін қорлады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз. Түркістан облысының…

Трамп: АҚШ ХАМАС-пен кепілдегілер бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

АҚШ ХАМАС-пен кепілдегілер бойынша келіссөз жүргізіп жатыр,-деп жазады Жайықмедиа.кз. АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның ХАМАС…

Жапония премьер-министрі қызметінен кетуге дайын

Жапония премьер-министрі қызметінен кетуге дайын,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз. Жапония премьер-министрі Сигэру Исиба отставкаға кету туралы шешім…