Categories Спорт

Бернарду Силва «Реал Мадридке» ресми түрде ауысты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мадридтік «Реал» португалиялық жартылай қорғаушы Бернарду Силвамен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тараптар арасындағы келісім 2028 жылдың жазына дейін жасалған. 31 жастағы футболшы «Реал» сапына еркін агент мәртебесінде қосылып, мадридтік клубқа тегін ауысты.

Бернарду Силва соңғы жылдары Еуропадағы ең тұрақты әрі тәжірибелі жартылай қорғаушылардың бірі ретінде танылды. Оның трансферіне бірнеше ірі клуб қызығушылық танытқан болатын.

БАҚ мәліметінше, португалиялық ойыншыны өз қатарына қосуды «Барселона» мен «Атлетико» да қалаған. Алайда футболшы таңдауды «Реал» пайдасына шешті.

Жаңа маусымда Бернарду Силва мадридтік клубтың жартылай қорғаныс шебін күшейтіп, команданың басты мақсаттарына жетуіне көмектесуге тырысады.

Ұқсас жазбалар

Әлем Кубогы: Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысынан ұтылды

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының кезекті жарыс күні аяқталды. Шаршы алаңға көтерілген…

Дастан Сатпаев «Қайрат» сапындағы соңғы ойынында дубль жасады

«Қайрат» өз алаңында «Қызылжарды» 3:0 есебімен жеңді. Дастан Сатпаев соңғы ойынында дубль жасап, «Челсиге» ауысады.

Футбол жанкүйерлеріне ұйқысыз түн: бүгін үш ойын өтеді

Бүгін түнде әлем чемпионатының топтық кезеңінде үш кездесу өтеді.