Categories Әлем

Пәкістан премьері АҚШ пен Иран арасындағы келісім бір тәулік ішінде рәсімделуі мүмкін екенін айтты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісім алдағы 24 сағат ішінде түпкілікті рәсімделуі ықтимал екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Шахбаз Шариф X әлеуметтік желісіндегі жазбасында тараптардың келісімге бұрынғыдан да жақындағанын атап өтті. Оның айтуынша, Пәкістан келісімге электронды түрде қол қою рәсіміне дайын, ал келесі аптада техникалық деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Бұған дейін Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізудің үш кезеңнен тұратын формуласын ұсынған болатын. Бұл ұсыныс аймақтағы шиеленісті төмендетуге және ұзақмерзімді тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталған.

Ұқсас жазбалар

АҚШ-та 24 жастағы қазақстандық азамат із-түзсіз жоғалып кетті

АҚШ-та екі апта бұрын жоғалып кеткен Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр. Жас жігітке қатысты іздеу туралы…

Конгода Эбола дерті 29 медициналық аймаққа әсер етті

Конго Демократиялық Республикасында Эбола ауруының расталған жағдайлары 689-ға жетіп, 139 адам қайтыс болды.

Конгода Эбола дерті 29 медициналық аймақты қамтыды

Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусы расталғандар саны 689-ға жетіп, 139 адам қайтыс болды.