Сурет: Ашық дереккөз
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Instagram парақшасын жауып тастады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жанкүйерлер алдымен оның аккаунтындағы барлық жазбалардың жоғалғанын, кейін парақшаның өшірілгені туралы хабарламаны көрген. Кейбір болжамдар бойынша, спортшы бұл қадамды Лондондағы WTA 500 турнирінде сәтсіз өнер көрсеткеннен кейін жасаған болуы мүмкін, себебі ол жарыстың басты фавориттерінің бірі еді.
Қазіргі уақытта Елена Рыбакина да, оның өкілдері де бұл жағдайға ресми түсініктеме бермеді. Парақша өшірілгенге дейін оған шамамен 906 мың адам жазылған.

