Categories Қоғам

Өзбекстан АҚШ-тан футболшыларын тексеруге қатысты түсініктеме сұрады

Сурет: yuz.uz

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тан футболшыларының қатаң тексеруден өтуіне қатысты ресми түсініктеме сұратты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Өзбекстан құрамасының ойыншылары мен өкілдерінің АҚШ қауіпсіздік қызметтері тарапынан қосымша тексеруден өтіп жатқанын көрсететін кадрлар тараған еді. Қызметкерлер олардың жүгін тексеріп, арнайы детекторларды қолданып, кинологтарды тартқан.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Омонулла Файзиевтің айтуынша, Нью-Йорктегі Бас консулдық арқылы аталған жағдайға қатысты ресми түсініктеме сұратылған.

Ол Өзбекстан тарапы ірі халықаралық турнир кезіндегі қауіпсіздік шараларының маңызын түсінетінін, алайда мұндай рәсімдер спорттық жарыстардың рухына кері әсер етпеуі тиіс екенін атап өтті.

Футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. Өзбекстан құрамасы өз тарихында алғаш рет турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алып отыр. Команда K тобында Колумбия, Португалия және Конго Демократиялық Республикасының құрамаларымен кездеседі.

Ұқсас жазбалар

Шегірткемен күрес: 954 мың гектар жер өңделді

Өңірлерде шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда. 11 маусымдағы мәлімет бойынша, 954 мың гектар…

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды  

Қазақстанда «2026–2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар» өзектендірілді. Бұл туралы Үкіметте өткен…

Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам қате табылды

Қазақстан мектептерінде бірқатар оқулық жаңартылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида…