Categories Қаржы

Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу қиындады

Сурет: Aikyn.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану үшін ең төменгі жеткіліктілік шегін жаңартты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жыл сайынғы қайта есептеу нәтижесінде көрсеткіштер өзгеріп, азаматтардың пайдалана алатын зейнетақы жинағының көлемі азайды. Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, 20 жастағы азамат үшін ең төменгі жеткіліктілік шегі 6 миллион 670 мың теңгені құрайды. Ал 30 жаста бұл көрсеткіш 9 миллион 750 мың теңгеге, 40 жаста 13 миллион 370 мың теңгеге, 50 жаста 17 миллион 590 мың теңгеге жетеді.

Ең жоғары шек 62 жастағы азаматтар үшін белгіленген. Бұл жастағы салымшылардың шотында кемінде 23 миллион 570 мың теңге болуы қажет.

Жеткіліктілік шегі – азаматтың болашақта лайықты зейнетақы төлемдерін алуын қамтамасыз ету үшін жинақ шотында қалуға тиіс ең төменгі қаражат көлемі. Егер жинақ сомасы осы деңгейден асып түссе, артық бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделу шығындарын өтеуге пайдалануға мүмкіндік беріледі.

БЖЗҚ мәліметінше, көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық болжамдар мен болашақ зейнетақы төлемдерінің көлемін ескере отырып жыл сайын қайта қаралады. Осылайша, жаңа жеткіліктілік шектері зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалануды жоспарлаған азаматтар үшін маңызды өзгеріс болып отыр.

Ұқсас жазбалар

Freedom Finance ҚазТАГ-қа медиация ұсынды: кінәні мойындау — міндетті шарт

«Фридом Финанс» АҚ ресми мәлімдеме жариялап, ҚазТАГ-қа медиация ұсынды. Медиацияның міндетті шарты — заңға сәйкес…

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану шегі жаңартылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану кезіндегі ең төменгі жеткілікті…

Интернеттегі саудада сақ болыңыз: жаңа алаяқтық әдіс анықталды

«Fingramota» жобасының сарапшылары бір мезетте екі жазықсыз адамның алдануына әкелетін алаяқтық тәсілді әшкереледі.