Тоқаев: Alatau City – толық цифрлы қала, үлкен деректер мен жасанды интеллектке негізделген

Сурет: Ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Alatau City құрылысына арналған кеңесте жаңа қаланың толық цифрлы болатынын мәлімдеді. Бұл жоба үлкен деректер мен жасанды интеллект технологиясына негізделмек, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Alatau City-дің еліміздегі алғашқы толық цифрлы қала болатынын атап өтті. Қаланы жоспарлау мен басқаруда заманауи IT-шешімдер қолданылады.

«Біз Alatau City-ді үлкен деректер мен жасанды интеллект негізінде құрамыз. Бұл – қазақстандық урбанистикадағы жаңа дәуірдің бастамасы», – деді Тоқаев.

Жаңа қаланың инфрақұрылымы толығымен цифрландырылып, тұрғындарға қызмет көрсетудің автоматтандырылған жүйесі енгізіледі. Жобаны іске асыруға халықаралық сарапшылар мен IT-мамандар тартылған.

Ұқсас жазбалар

Сахара шөлінде жүк көлігі бұзылып, 49 адам қаза тапты

Сахара шөлінде, Нигердің солтүстігінде кем дегенде 49 адам шөлге шыдамай қайтыс болды. Олар мінген жүк…

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.