Сурет: Aikyn.kz
Ұлттық банк 26 мамырға арналған валюта бағамын жариялады. Доллар мен еуро құны өзгеріп, теңгеге әсер етті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ресми дерек бойынша, АҚШ доллары 460,12 теңгеден бағаланды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 0,5 теңгеге арзан. Ал еуро 500,45 теңгеге жетіп, 1,2 теңгеге қымбаттады.
Ресей рублі 5,12 теңге, ал британ фунты 585,30 теңге болды. Қазақстандықтар үшін ең маңызды валюталардың бірі – доллар бағамы тұрақтанғанымен, еуродағы өсім назар аудартады.

