Сурет: Egemen Qazaqstan
Қытай 24 мамырда «Шэньчжоу-23» ғарыш кемесін «Тяньгун» орбиталық станциясына сәтті ұшырды. Зымыран тасығыш жергілікті уақытпен кешкі 23:08-де (Астана уақытымен 20:08) Цзюцюань ғарыш айлағынан көкке көтерілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл — Қытайдың ғарышты игеру бағдарламасы аясындағы кезекті маңызды қадам. «Шэньчжоу-23» экипажы станцияда бірнеше ай бойы ғылыми зерттеулер жүргізеді.
«Миссия барысында ғарышкерлер станцияның сыртқы құрылғыларын тексеріп, жаңа жабдықтарды сынайды», — делінген Қытайдың адамды ғарышқа ұшыру бағдарламасының ресми мәлімдемесінде.
Ұшу «Тяньгун» станциясын толыққанды пайдалануға дайындықтың бір бөлігі болып табылады. Қытай билігі алдағы жылдары станцияны кеңейтіп, халықаралық ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр.

