Сурет: Aikyn.kz
Астанадағы көпсалалы ауруханалардың бірінде жұмыс істейтін медбикеден туберкулез анықталды. Оның жұмысқа ресми рұқсаты болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, медбике жоспарлы тексеруден өтіп жүрген. Ауру белгілері байқалған соң оны қосымша зерттеп, диагнозды растаған.
«Қазір науқас оқшауланып, ем алып жатыр. Ауруханада арнайы дезинфекция жүргізілді. Байланыста болған қызметкерлер мен пациенттерге тексеру тағайындалды», — деді басқарма өкілі.
Мамандар туберкулездің ауа-тамшылы жолмен таралатынын ескертіп, алдын алу шараларын күшейтуді сұрайды. Қазіргі уақытта індеттің таралу қаупі жоқ деп есептеледі.

