Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық жас теннисші Айым Қанағатова Албания астанасы Тиранада өткен ITF World Tennis Tour Juniors (J30 Tirana) турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Финалдық кездесуде ол жергілікті үміткер Алессия Чиукезені екі сетте 6:4, 6:2 есебімен ұтты. Бұл – Айымның халықаралық аренадағы алғашқы үлкен жетістігі.
«Турнирге жақсы дайындалдым. Әр ойында өз мүмкіндігімді көрсетуге тырыстым. Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын», – деді теннисші.
Айым Қанағатова – Қазақстан теннис федерациясының тәрбиеленушісі. Осы жеңіспен ол ITF рейтингіндегі орнын едәуір жақсартты. Алдағы жоспары – Еуропадағы келесі турнирлерге қатысу.

