Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Тәжікстанға келіп жетті. Олар жер сілкінісі мен климаттық тәуекелдерге ден қою бойынша халықаралық оқу-жаттығуға қатысады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл – бірнеше мемлекет бірігіп өткізетін ірі шара. Қазақстандық мамандар жер сілкінісі кезінде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізудің тиімді әдістерін үйренеді.
«Біздің мақсатымыз – тәжірибе алмасу және табиғи апаттар кезінде үйлесімді әрекет ету дағдыларын жетілдіру», – деді қазақстандық топ жетекшісі.
Жаттығу барысында құтқарушылар қираған ғимараттардан адамдарды шығару, алғашқы көмек көрсету және апат аймағын басқару сынды сценарийлерді пысықтайды.

