Пәкістанда пойыз жарылды: 24 адам қаза тауып, 82 жараланды

Сурет: Shutterstock

Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында жолаушылар пойызында күшті жарылыс болды. Зардап шеккендердің арасында әйелдер мен балалар да бар.

Бұл туралы жергілікті билік мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жарылыс салдарынан 24 адам көз жұмды, тағы 82 адам түрлі дәрежеде жарақат алды. Құтқарушылар оқиға орнында жедел жұмыс істеп, жаралыларды жақын маңдағы ауруханаларға жеткізді.

«Пойыз станциядан шығып, біраз жер жүргенде қатты дыбыс естілді. Барлығы үрейленіп, абыржып қалды», — деді оқиға куәгері.

Полиция жарылыстың мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу барысында пойызда қосымша жарылғыш заттардың болуы мүмкіндігі де тексерілуде.

Ұқсас жазбалар

Маусымда 12 өңірде құрғақшылық: Қазгидромет дабыл қақты

Синоптиктер маусым айында 12 өңірде құрғақшылық болатынын ескертті. Батыс және оңтүстік аймақтарда жауын-шашын нормадан төмен…

Астанада Кенесары көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Астанада Кенесары көшесінің бір бөлігінде жол төсемі жаңартылады, көлік қозғалысы уақытша жабылады.

Түркияда жолаушылар автобусы аударылды: 46 адам зардап шекті

Түркияның Чанаккале провинциясында жолаушылар автобусы аударылып, 46 адам зардап шекті. Оқиға таңертең болған, себебі анықталып…