Сурет: Egemen Qazaqstan
Астанадағы №1 балалар ауруханасында жұмыс істейтін медбикеден туберкулездің ашық түрі анықталды. Ол ерте жастағы патология бөлімінде қызмет еткен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы медбикеде инфильтративті туберкулез расталғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта науқас стационарда ем қабылдап жатыр.
«Медбикемен байланыста болған 40 адам анықталды. Олардың барлығы тексеруден өтіп, қажетті профилактикалық шаралар қабылдануда», — деді басқарма өкілдері.
Ауруханада арнайы дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, балалар мен қызметкерлердің денсаулығы бақылауға алынды. Денсаулық сақтау мамандары қосымша тексерулер жүргізіп, жағдайды тұрақты деп бағалап отыр.

