Сурет: Egemen Qazaqstan
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Біріккен Ұлт жеңеді!» атты VI халықаралық бейнематериалдар байқауында биыл Stanford және Chicago университеттерінің студенттері бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген жұмыс келіп түскен. Қатысушылар бейнероликтерінде БҰҰ-ның жаһандық мәселелерді шешудегі рөлін көрсетуге тырысқан.
«Биылғы байқаудың ерекшелігі – қатысушылардың кәсіби деңгейі өте жоғары болды. Stanford мен Chicago студенттерінің жұмыстары әділқазыларды терең ойлылығымен және көркемдік шешімдерімен таң қалдырды», – деді байқау ұйымдастырушыларының бірі.
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Байқауға қатысқан барлық жұмыстар кейіннен БҰҰ-ның ресми сайтында жарияланбақ.

