Сурет: Egemen Qazaqstan
Рудный қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрттен төрт адам құтқарылды, 14 тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өрт сөндіру кезінде үш ересек адам мен бір баланы қауіпті аймақтан алып шықты. Қалған тұрғындар уақытылы эвакуацияланды.
«Өрт туралы хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына бірден бірнеше өрт сөндіру бригадасы жіберілді. Қысқа уақыт ішінде жалын ауыздықталып, таралуына жол берілмеді», – деді ТЖМ өкілі.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

