Сурет: Egemen Qazaqstan
Қытайлық тайконавт ғарышта жалғыз өзі бір жыл бойы тұруға дайындалып жатыр. Бұл – адамның ұзақ мерзімді ғарыштық миссияларға бейімделуін зерттеуге бағытталған бірегей эксперимент, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тайконавт Қытайдың «Тяньгун» ғарыш станциясында жалғыз өмір сүріп, ғылыми зерттеулер жүргізеді. Оның денсаулығы мен психологиялық жағдайы үнемі бақылауда болады.
Бұл миссия Қытайдың ғарышты игеру жоспарының маңызды бөлігі саналады. Ғалымдар мұндай тәжірибе болашақта Айға және Марсқа ұзақ сапарларға дайындық кезінде пайдалы болады деп есептейді.

