Сурет: championat.com
Кәсіпқой бокстан ауыр салмақтағы үш белбеудің иесі Александр Усик голландиялық кикбоксшы Рико Верхувенді 11-ші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Бұл оның чемпиондық атағын қорғаудағы кезекті жеңісі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Усик рингте басымдық танытып, қарсыласын қатты соққылармен ығыстырды. Верхувен аяғына дейін төтеп беруге тырысқанымен, 11-ші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты.
«Бұл менің мансабымдағы маңызды кезең. Верхувен мықты қарсылас, бірақ мен жеңіске жету үшін бар күшімді салдым», — деді Усик жекпе-жектен кейін.
Жеңіс Усиктің WBA, WBC және IBF белбеулерін сақтап қалуына мүмкіндік берді. Келесі жекпе-жекке дайындықты қашан бастайтыны әзірге белгісіз.

