Сурет: Aikyn.kz
Тәуелсіздік сарайында Кения Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Елімізге мемлекеттік сапармен келген Кения басшысын жоғары деңгейде қарсы алды. Салтанатты шарада екі елдің әнұрандары шырқалып, құрмет карауылы өтті.
Бұл сапар – Қазақстан мен Кения арасындағы дипломатиялық қатынастарды нығайтудағы маңызды қадам. Тараптар экономика, сауда және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты талқылайды.

