Танымал қаламгер Есболат Айдабосын «Бүкір» романы үшін беделді «Меценат» әдеби сыйлығының иегері атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жазушы бұл романында қоғамдағы күрделі әлеуметтік мәселелерді көтеріп, оқырманды терең ойға жетелейді. «Меценат» – еліміздегі ең танымал әдеби байқаулардың бірі.
«Бұл жеңіс – менің шығармашылығымның жаңа белесі. Романды жазу барысында көптеген қиындықтарды бастан өткердім, бірақ нәтижесі қуантады», – деді Есболат Айдабосын.
Қаламгер қазір «Жетісу» телерадиокешені мен радиосына басшылық етеді. Ол бұған дейін де бірнеше әдеби байқаудың жүлдегері атанған.

