Ақтөбеде авиажөндеу зауытының бұрынғы басшысы аса ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Сот тергеуі барысында кәсіпорын басшысының бағалы мүліктерді заңсыз есептен шығару схемасын ұйымдастырғаны дәлелденді.
Сот үкімімен ол кәсіпорынға келтірілген 83,5 миллион теңге шығынды толық өтеуге міндеттелді. Сондай-ақ оған 6 жыл бойы жауапты қызметтерді атқаруға тыйым салынды.
Бұл – Мезенцевке қатысты шығарылған екінші үкім. Ол бұған дейін де Ми-2 тікұшағының қосалқы бөлшектеріне қатысты осындай алаяқтық әрекеті үшін 4,5 жылға сотталған болатын.
Фото: Әлеуметтік желіден

