Categories Жайық news

6 миллион теңге пара: Шымкентте полицияның аудандық басшысы сотталды

Шымкентте Тұран аудандық полиция басқармасының бұрынғы басшысы 6 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Тергеу мәліметінше, ол қылмыстық істің бабын жеңілдетіп беруге көмектесу үшін ақша алған. Сот үкімімен экс-полицей енді мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына шеттетілді.

Сот оның антты бұзғанын жазаны ауырлататын мән-жай деп таныды. Осылайша, бұрынғы тәртіп сақшысы алты жылын колонияда өткізеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Әлемді дүрліктірген Эпштейн ісі: Жаңа құжаттарда Назарбаев пен Мәсімовтың аты аталды

Америкалық миллиардер Джеффри Эпштейннің ісіне қатысты жарияланған құжаттарда Қазақстанның экс-президенті мен ҰҚК бұрынғы төрағасының есімдері…

Бурабайдағы мектеп асханасынан шу шықты: Директор жұмыстан қуылды

Ақмола облысында мектеп асханасындағы заңбұзушылықтардан соң мектеп директоры қызметінен босатылып, бірнеше адам жазаланды.

ОБЛЫС АКТИВІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫН ҚОЛДАДЫ  

Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен жаңа Конституция жобасын талқылау жөніндегі алқа отырысы өтті. Жиынға мемлекеттік…