Categories Қаржы

Қарызы табысынан 8 есе асып кетсе, несие берілмейді: Ұлттық банк жаңа ереже енгізеді

Қазақстанда несие алушылардың қарыз жүктемесін қатаң бақылауға алатын жаңа ереже күшіне енеді. Ұлттық банк 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап, егер адамның жалпы қарызы оның табысынан 8 есе көп болса, оған жаңа несие берілмейтін болды.

Бұл шара халықтың қарызға батуын азайту үшін қабылданып отыр. Қазіргі уақытта көптеген қазақстандықтың несиелік жүктемесі шектен асып кеткен. Банктер мен микроқаржы ұйымдары жиі табысы төмен адамдарға да несие бере береді, бұл олардың қаржылық жағдайын одан сайын нашарлатады.

«Жаңа ереже бойынша, қарыз алушының борышы оның жылдық табысынан 8 еседен аспауы керек. Егер асқан жағдайда, несие беруге тыйым салынады», – деп мәлімдеді Ұлттық банк өкілі.

Шектеу тек банктік несиелерге ғана емес, микроқаржы ұйымдарына да қатысты болады. Мамандардың пікірінше, бұл қадам халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға және төлем қабілетсіздігін азайтуға көмектеседі.

Жаңа талап 2027 жылдың басынан бастап қолданысқа енгізіледі. Осы уақытқа дейін банктер мен қаржы ұйымдары жаңа жүйеге дайындалуы керек, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұқсас жазбалар

Freedom Finance ҚазТАГ-қа медиация ұсынды: кінәні мойындау — міндетті шарт

«Фридом Финанс» АҚ ресми мәлімдеме жариялап, ҚазТАГ-қа медиация ұсынды. Медиацияның міндетті шарты — заңға сәйкес…

Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу қиындады

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану үшін ең төменгі жеткіліктілік шегін жаңартты. Жаңа мәліметтер бойынша,…

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану шегі жаңартылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану кезіндегі ең төменгі жеткілікті…