Categories Саясат

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы референдумға тәуелсіз байқаушылар ретінде қатысады  

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша өткізілетін жалпыхалықтық референдумға тәуелсіз байқаушылар ретінде қатысатынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Конституция – мемлекеттік биліктің құрылымын айқындайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін белгілейтін және ел дамуының негізгі қағидаттарын бекітетін аса маңызды құжат. Сондықтан мұндай тарихи шешімдер дауыс беру үдерісінің толық ашықтығы, заңдылығы және әділдігі жағдайында қабылдануы тиіс.

«Біздің басты мақсатымыз – референдумның барлық кезеңінде қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету», деп мәлімдеді «ДАУЫС» қоғамдық бақылаушылар коалициясы.

Коалиция жұмысы жүйелі түрде және республика көлемінде ұйымдастырылады. Байқаушыларымыз дауыс беру учаскелері ашылған сәттен бастап қорытындылар шығарылғанға дейін өз міндеттерін кәсіби, мұқият әрі жауапкершілікпен атқарады.

Референдумға арналған ресми сайт іске қосылды.

Қоғамдық сенім сөзбен емес, нақты әрекетпен, заң талаптарын сақтау арқылы қалыптасады. Тәуелсіз бақылау – сайлау үдерісінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ететін маңызды тетік.

«ДАУЫС» коалициясы – ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың бірлестігі. Әрбір қазақстандықтың дауысы ескеріліп, еркі әділ түрде көрініс табуы – біздің ортақ міндетіміз. Біз осы мақсат жолында еңбек етеміз.

Ұқсас жазбалар

Мемлекеттік қызметшілерге жыл сайын наркотест міндеттеледі

Жоғары лауазымды мемлекеттік қызметшілер жыл сайын міндетті наркотесттен өтеді. Тексеруден бас тартқандар лауазымынан айырылады.

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өседі: Сенат заңды қабылдады

Сенат мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеретін заңды қабылдады. Енді олар басқа өңірге ауысқанда тұрғын үй төлемдерін…

Сенат жануарлар туралы заңды Мәжіліске қайтарды: не өзгерді?

Сенаторлар жануарларға қатысты резонанс тудырған заң жобасын Мәжіліске қайтаруды ұсынды. Себебі кейбір нормалар жануарларды қорғауға…