Categories Жайық news

Астанада – ақ боран, Шымкентте – көктем исі: Еліміздің үш қаласында ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің ірі қалаларында ауа райы құбылмалы болады: астанада аяз күшейіп, боран соқса, оңтүстікте көктемнің алғашқы лебі сезіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Астанада нағыз қыс салтанат құрады. Синоптиктердің болжауынша, қалада қар жауып, бұрқасын соғады. Түнгі уақытта ауа температурасы -22°C дейін төмендесе, күндіз -11…-17°C аралығында болады. Қала тұрғындары мен қонақтарына жылы киінуге кеңес беріледі.

Алматыда ауа райы біршама тұрақты. Жауын-шашын күтілмейді. Дегенмен, түнде қаланы тұман басып, жолдарда көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -5…-10°C, ал күндіз 0…+2°C шамасында жылы болады. Жүргізушілерге жолда абай болу қажет.

Шымкентте ауа райы құбылмалы болмақ – алдымен қар жауып, арты жаңбырға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ болады және екпіні секундына 20 метрге жететін қатты жел соғады. Күндіз еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда едәуір жылы: ауа +1-ден +5°C-қа дейін жылиды.

«Қазгидромет» мамандарының айтуынша, осындай ауа райы сейсенбіге дейін сақталады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы…

БҚО-да Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толуына орай «Ұмытылмас ерлік» еске алу шарасы өтті  

1986 жылғы 26 сәуірде орын алған Чернобыль апаты әлем жұртшылығы үшін ауыр сабақ болды. Қауіпті…

Трактормен полициядан қашқан жүргізуші ұсталды: не болды?

Батыс Қазақстан облысында трактор жүргізушісі полиция тоқтатқанда бағынбай, қашуға тырысқан. Ол ұсталып, қамауға алынды.