Categories Жайық news

Бөрлі ауданында жаңа өрт сөндіру пункті ашылды

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданына қарасты Ақбұлақ ауылында жаңа өрт сөндіру пункті іске қосылды. Бұл нысан ауыл халқының қауіпсіздігін күшейтіп, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов және БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов қатысты.

Қалияр Айтмұхамбетов өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай қызметкерлеріне арналған:
«Мамандыққа адалдық, ерлік пен кез келген сынаққа дайын болу – басты талап» деген сөзін келтіріп, жаңа нысанның маңыздылығын атап өтті.
– Бұл өрт сөндіру бөлімі тек қауіпсіздік кепілі емес, мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға, апаттардың алдын алуға және төтенше жағдайда жедел әрекет етуге бағытталған маңызды инфрақұрылым, – деді ол.

Сонымен қатар, дәл осы күні Орал қаласында облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне 30 жаңа арнайы техника берілді. Оның қатарында АЦ-5-40 «КамАЗ» маркалы 19 өрт сөндіру автоцистернасы, 8 «Toyota Hilux» автокөлігі, бір құтқару «Voyager» қайығы және республикалық бюджет есебінен алынған 2 АНР-150 «КамАЗ» сорғы-жеңді көлігі бар.

Жаңа техникалар өңірдің төтенше жағдайлар қызметін күшейтіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосады.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы…

БҚО-да Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толуына орай «Ұмытылмас ерлік» еске алу шарасы өтті  

1986 жылғы 26 сәуірде орын алған Чернобыль апаты әлем жұртшылығы үшін ауыр сабақ болды. Қауіпті…

Трактормен полициядан қашқан жүргізуші ұсталды: не болды?

Батыс Қазақстан облысында трактор жүргізушісі полиция тоқтатқанда бағынбай, қашуға тырысқан. Ол ұсталып, қамауға алынды.