Орал қаласының Жұлдыз шағынауданында қуаты 110/10 кВ болатын жаңа қосалқы станция іске қосылды

Жаңа нысан Жұлдыз шағынауданымен қатар, ескі әуежай және 6,7,8,9,10-шағынаудандардың тұрғындарын үздіксіз әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар өндірістік аймақтардың электрмен жабдықталу сенімділігін де едәуір арттырады.
2024 жылы басталған құрылыс барысында заманауи жоғары кернеулі жабдықтармен жабдықталған қосалқы станцияда екі күштік трансформатор, кернеуі 110 киловольттық 6 тізбекті әуе желісі (ұзындығы 300 метр), 4 анкерлі тірек, 5 көлікке арналған автотұрағы бар жөндеу базасы және әкімшілік-тұрмыстық корпус салынды.
Жобада отандық «Alageum Electric» компаниясының жоғары вольтты жабдықтары пайдаланылды. Нысан толықтай іске қосылғаннан кейін онда «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» мамандары тұрақты түрде жұмыс атқаратын болады. Бұл жоба – өңіріміздің инфрақұрылымдық дамуына серпін беріп, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға айтарлықтай үлес қосады деп жоспарлануда.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан халқы 20,5 млн-ға жетті: қай ұлт көп?

2026 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы 20,5 млн адамға жетті. Қазақтар – 71,5%, орыстар –…

2 мамырда Қазақстанда жаңбыр мен бұршақ күтіледі: жел де күшейеді

2 мамырда Қазақстанда жаңбыр, бұршақ және күшті жел күтіледі. Синоптиктер ескерту жасады.

ТЖМ дабыл қақты: өрт шықса не істеу керек?

ТЖМ өрт қауіпсіздігіне сақ болуға шақырып, 101 немесе 112 нөміріне хабарлауды ескертті.