Categories Жайық news

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет астронавтарды Айға бағытталған миссияға жіберді. «Артемида-2» деп аталатын тарихи сапар Флоридадағы ғарыш айлағынан сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Orion ғарыш кемесінің бортында төрт астронавт бар: Рид Уайзман, Джереми Хансен, Кристина Кох және Виктор Гловер. Оларды Жер орбитасына аса ауыр Space Launch System зымыраны алып шықты.

Жоспар бойынша ұшу сапары 10 күнге созылады. Осы уақыт ішінде экипаж Айды айналып өтіп, Жерге оралады. Бұл – болашақта Ай бетіне адамды қайта қондыруды көздейтін ауқымды миссиялар алдындағы маңызды сынақ.

«Артемида-2» миссиясы 1972 жылы аяқталған «Аполлон» бағдарламасынан бері адамзаттың Жер серігіне жасаған алғашқы сапары ретінде тарихта қалмақ.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы…

БҚО-да Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толуына орай «Ұмытылмас ерлік» еске алу шарасы өтті  

1986 жылғы 26 сәуірде орын алған Чернобыль апаты әлем жұртшылығы үшін ауыр сабақ болды. Қауіпті…

Трактормен полициядан қашқан жүргізуші ұсталды: не болды?

Батыс Қазақстан облысында трактор жүргізушісі полиция тоқтатқанда бағынбай, қашуға тырысқан. Ол ұсталып, қамауға алынды.