СІМ басшысы Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ақпарат расталмады

СІМ басшысы Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ақпарат расталмады,-деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.

Әлеуметтік желілер мен бірқатар ақпарат құралдарында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ұсталды деген хабар тарады. Алайда бұл мәлімет ресми түрде жоққа шығарылды.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистер мен қоғамды тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге шақырды. Оның айтуынша, жалған мәлімет тарату – азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру ғана емес, сонымен бірге заң бойынша жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

«Соңғы күндері мемлекеттік қызметшілердің қамауға алынғаны туралы әртүрлі анонимді телеграм-арналарда және кейбір ресми емес сайттарда жалған хабарламалар таралып жүр. Мұндай ақпараттар көп жағдайда ешқандай дәлелге сүйенбейді, тек “хайп” үшін шығарылады. Бірақ қоғамға зиян келтіріп, азаматтардың абыройына көлеңке түсіреді. Сондықтан әріптестерімізді тексерілген деректерге сүйенуге шақырамыз», – деді министр.

Сонымен қатар ол журналистерді кінәсіздік презумпциясы қағидасын сақтау, этика талаптарын орындау және ақпараттың дереккөзін мұқият тексеру қажеттігін еске салды.

Министрдің айтуынша, жалған ақпарат таратқандарға қатысты қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. «Жаңалықты бірінші болып жариялаймын» деп асығу кейде қоғамға да, нақты адамдардың тағдырына да зиян тигізуі мүмкін», – деп түйіндеді Аида Балаева.

Ұқсас жазбалар

Астанада алаяқтардың жаңа әдісі: сыйлық қорабын ұсынып, ақша бопсалайды

Астанада алаяқтардың жаңа әдісі: сыйлық қорабын ұсынып, адамдарды қорқытып ақша бопсалайды. Полиция тұрғындарды сақ болуға…

Мамыр айында ауа райы құбылмалы: аптап ыстық пен нөсер кезектеседі

Қазақстанда мамыр айында ауа райы құбылмалы болады: аптап ыстық пен нөсер, бұршақ кезектеседі. Синоптиктер дайын…

Теміртауда 190 млн теңгенің залалын келтірген топ әшкереленді

Теміртауда ірі өнеркәсіптік алаяқтық жасаған қылмыстық топ ұсталды. Олар кәсіпорынға 190 млн теңге шығын келтірген.