Categories Көңіл ашар

Теректіде «Мерейлі отбасы-2025» байқауы өтті

«Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінің марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараның шымылдығы «Жарқын-ай» би тобының биімен ашылды.

«Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының аудандық кезеңін аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы бойынша Искалиева Алтынай Ғалымқызы төрағалық ететін Орал қалалық «Ақ отау – отбасы орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының аудандық кезеңіне қатысқан үлгілі жанұяларды құттықтау үшін аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова сөз алды.

– Құрметті бүгінгі шарамызға қатысушылар! Баршаңызға аудан халқының атынан алғысымды білдіремін. Өздеріңіздің бар өнерлеріңізді ортаға салып, ұйымшылдықтарыңыз бен бірліктеріңізді көрсетіп, келер ұрпаққа үлгі болып отырсыздар. Сіздердей отбасылар көбейе берсін. Елдің дамуына зор үлестеріңізді қоса беріңіздер, – деді аудан әкімі Әлия Биғазықызы.

«Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсының аудандық кезеңіне қатысып, үздік отбасылар қатарынан көрінген, Покатиловка ауылдық округінің намысын қорғаған Сералиевтар отбасына, Теректі ауылдық округінен Бердашевтар отбасына, ақжайықтық Құрымғалиевтар отбасына аудан әкімі өзінің алғысхатын табыстап, естелік сыйлығын ұсынды. Аталған отбасылық сайыста Чувилёвтар отбасы ІІІ орыннан көрініп, 50 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болса, жүлделі ІІ орынмен долиндік Айтимовтар отбасы марапатталды. Екінші орынның жүлдесі – 100 мың теңге.

«Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпазы болып шалқарлық Тұяқовтар отбасы танылып, 150 мың теңгенің сертификаты табысталды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

«Теректі жаңалығы» редакциясы

Ұқсас жазбалар

Астанада Бірлік күніне арналған іс-шаралар: фестиваль, концерт, жәрмеңке

Астанада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай фестивальдер, концерттер, жәрмеңкелер өтеді.

Қазақстан жағажай Азия ойындарында 8 медаль жеңіп алды: біреуі алтын

Қазақстан құрамасы жағажайдағы Азия ойындарын 8 медальмен аяқтады. Оның біреуі – алтын жүлде.

Euronews академиясы Астанада журналистерге шеберлік сабағын өткізді

Астанада Euronews Academy, MDQ қоры және Maqsut Narikbaev University бірлесіп ұйымдастырған «Медиа технологиялар» курсы аяқталды.