Categories Жайық news

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттейтін жаңа ережелер енгізіліп, олардың бірыңғай тізілімі жасалуы мүмкін. Бұл салаға кәсіби стандарт әзірленіп, мамандар жұмыс бастар алдында клиенттен міндетті түрде ақпараттандырылған келісім алуы және қызмет көрсетуге келісімшарт жасасуы тиіс болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл өзгерістер психологиялық қызмет көрсетудің сапасын арттыруды және азаматтардың құқығын қорғауды көздейді. Осыған орай жоғары санатты психотерапевт Анар Қаражанова бұл бастамаға қатысты өз пікірін білдіріп, мамандарды даярлау ісіне де назар аудару керегін атап өтті.

«Егер өзін-өзі жұмыспен қамтыған психологтар отбасы, әлеуметтік бейімделу сияқты мәселелер бойынша кеңес берсе, онда жаңадан дөңгелек ойлап табудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бүкіл әлемде мұндай адамдарды коуч деп атайды», – деді маман.

Оның айтуынша, психологиялық кеңес берудің бұл түрін коучинг ретінде қарастыру салаға қатысты артық реттеулерді болдырмауға көмектеседі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы…

БҚО-да Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толуына орай «Ұмытылмас ерлік» еске алу шарасы өтті  

1986 жылғы 26 сәуірде орын алған Чернобыль апаты әлем жұртшылығы үшін ауыр сабақ болды. Қауіпті…

Трактормен полициядан қашқан жүргізуші ұсталды: не болды?

Батыс Қазақстан облысында трактор жүргізушісі полиция тоқтатқанда бағынбай, қашуға тырысқан. Ол ұсталып, қамауға алынды.